$ 522.63  548.66  5.07

Алдағы күндері боран соғып, қар жауады — Қазгидромет

Таулы аймақтарда 15-18 градус аяз.

Фото: freepik
Фото: freepik

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылғы 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, 19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, екпінді жел тұрады.

19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады.

21 желтоқсаннан бастап республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасы төмендейді. Республика бойынша тұман түседі.

Түнде ауа температурасы құбылмалы болады: республиканың батысында 3-13-тен 5-18-ге дейін аяз, шығыста 10-26-дан 7-20-ға дейін аяз, қалған аумақта ауа температурасының төмендеуі байқалады: түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20-ға дейін аяз, республика орталығында 13-25-ға дейін аяз, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 13-25 дейін. Таулы аймақтарда 15-18 градус аяз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары