20.12.2024, 23:30

«Тобырға манипуляция жасау үшін»: Журналист жастарға елден кетуге кеңес берді

Фото: YouTube/Dope Soz

Патриотизм, ұлтшылдық деген идеялардың барлығы тобырға манипуляция жасау үшін ойлап табылған нәрселер ғой.

Танымал журналист әрі қоғам белсендісі Дархан Әбдік Қазақстан қоғамына алаңдаушылы білдіріп, интеллектуал жастарға елден кетуге кеңес берді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Dope soz» подкастында айтты.

«Қазіргі жастарға айтарым, кетіңдер дер едім, қабілеті барларға… Өйткені Қазақстан жуық арада оңалмайды. Мынау патриотизм, ұлтшылдық деген идеялардың барлығы тобырға манипуляция жасау үшін ойлап табылған нәрселер ғой. Баланы көп табу керек, санымыз көп болу керек деген. Олардың барлығы феодалдық дәуірде қалған нәрселер.

Өйткені, феодал басшыларына бала не үшін керек? Әскер жасақтау үшін керек. Патриотизм деген адамдар патша бастаған соғысқа барып, тегін өле салу үшін», — деді ол.