21.12.2024, 08:30

Елімізде демалыс күндері қалың қар жауып, екпінді жел соғады

Фото: Pixabay

Елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел соғады. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын болады, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел соғады. Республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.

23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.