"Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі көктайғақ кезінде көлікті басқара алмай қалған.
Алматы облысында патрульдік полиция қызметкерін көлік қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицей оқиға орнында көз жұмды.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 20 желтоқсанда "Алматы-Өскемен" тас жолының 42-ші шақырымында " Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі көктайғақ кезінде көлікті басқара алмай, облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерін қағып кеткен. Содан кейін көлік инерциямен Hyundai Elantra қызметтік көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан полицей оқиға орнында көз жұмды.
"Облыстық департамент қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", – делінген хабарламада.