Дегенмен әкім хатын жәшікке салмай кетті.
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Аяз ата резиденциясына барып, оған хат жазды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы YK-news-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, қала әкімі Аяз Атаға жазған хатында қала үшін желді күндердің көп болуын, су тасқынсыз көктемді, жемісті жыл мен жақсы жолдардың болуын тілеп жазған.
Ал әкім өзі үшін Аяз Атадан денсаулық, шыдамдылық, мықты жүйке мен күш сұрады.
Дегенмен әкім хатын жәшікке салмай кетті. Айтуынша алға қойған мақсаттарға еш сиқырсыз жету керек.
Еске салсақ, Алмат Ақышов желтоқсан айының басында ғана Өскемендегі даудан кейін жаңа әкім болып тағайындалған еді.