Бұзақылық фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Желіде Алматыда 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Полиция оқиға бойынша күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұзақылық фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
“Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа жағдайлар анықталуда",-деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Желідегі деректерге сүйенсек, оқиға таңертеңгі сағат 4:34 шамасында болған.