23.12.2024, 00:30

Оралда жолаушылар автобусы өртенді

Фото: TЖМ

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Орал қаласында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай С. Датов көшесінде болды. Автобустың мотор бөлігінде өрт шықты.

«ТЖМ қызметкерлерінің күшімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген ресми хабарламада.

ТЖМ тұрғындарға көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстап, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керек екенін  ескертеді.