23.12.2024, 13:20

«Отбасына керек»: Шырша сәндеймін деп құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

Фото: Pixabay

Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс?

Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған адам мектеп мұғалімі әрі жазушы Қуат Айтқали екені белгілі болды. Бұл туралы оның досы Біржан Ахмер желіде жазды, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, қазір биіктіктен құлаған Қуат Айтқали жансақтау бөлімінде жатыр.

«Ол №49 мектепте жұмыс істейді. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін», - деп жазды Біржан Ахмер желідегі парақшасында

Еске салсақ, бұған дейін Семейде жаңажылдық шыршаны безендіріп жүрген мұғалімнің биіктен құлап, жарақат алғанын хабарлағанбыз. Оқиғаға байланысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірген. Ал облыстың білім басқармасы оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеген.