$ 530.24  543.97  5.16

Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады

Қазірдің өзінде бізге ең кемінде 7 кеме қажет.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Құрық-Алят қатынасында тек әзербайжандық паромдар жұмыс істейді. Көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, қазірдің өзінде бізге ең кемінде 7 кеме қажет, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, Ақтау және Құрық теңіз порттарының инфрақұрылымы маңызды рөл атқарады.

«Алдағы 3 жылдың ішінде Ақтау портының контейнер өңдеу қабілетін 140 мыңнан 550 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ол үшін қытайлық «Ляньюньган порт» компаниясымен бірге контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Оған қоса, германиялық Ренус, америкалық Wandernet және франциялық CMA CGM сияқты компаниялармен қосымша 300 мың контейнерлік терминал ұйымдастыру пысықталып жатыр.

Маңғыстау облысында жасыл сутегіні тасымалдауға арналған тиісті терминалдың жобаланып жатқанын атап өткен жөн. Келесі негізгі мәселелердің бірі – отандық флоттың жетіспеушілігі. Бүгінде Құрық-Алят қатынасында тек әзербайжандық паромдар жұмыс істейді. Қазірдің өзінде бізге ең кемінде 7 кеме қажет. Оның өндіру үшін түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысын жоспарлап отыр», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары