Біреудің уақытын ұрлап жүріп алады.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жас әнші Sadraddin-нің Астанадағы концертіне барып, ашуланып қайтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Біз Садраддиннің концертіне келдік. Екі баламды алып келдім. Бірақ концерт 19.00-де басталу керек еді. Сағат 19.40 болды, әлі басталған жоқ. Бұл адамның психологиясын бұзады. Менің ең жек көретін дүнием. Бір жерге бару үшін “Әзір басталмайды” деп біреудің уақытын ұрлап жүріп алады. Бұл дұрыс емес. Егер дәл уақытында басталса, халық та сол уақытта кешікпей келуге тырысады. Сағат 19.46-да басталды. 82 минутта аяқталды”, – деп жазды мәжілісмен.
Айта кетейік, әнші елордалық көрерменге алғыс айтып, ыстық ықыласын білдірді.
"Ыстық көңілдеріңізге рақмет, Астана! Елорда бізді келген сайын қуантады. Өте таза қала. Астана суық болса да, біз үшін жылы қала", – деді эстрада жұлдызы.