24.12.2024, 08:30

Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты

Фото: freepik.com

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

23 желтоқсанда энергетикалық комбинатта төтенше жағдай орын алып, жұмысшы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның үстіне құбыр құлап кеткен.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.