Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
Желіде Алматыдағы Алатау даңғылының бойында әлдекімдердің ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары Наурызбай ауданындағы Алатау даңғылының бойында полиция көліктерінің жиналып, кептеліс пайда болғанын жазған. Ал 2GIS картасындағы пікірлерде жол бойында әлдекімдердің жас жігітті пышақтап, өлтіріп кеткені жазылған.
“Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның мән-жайлары анықталып жатқанын атап өтті.