«Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Осыдан 85 жыл бұрын (1939-2014) қазақтың ақын қызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Фариза Оңғарсынқызы ОҢҒАРСЫНОВА дүниеге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облысында туған. Атырау мемлекеттік педагогика институтын бітірген. Ауылдық мектептің мұғалімі қызметін атқарған. 1966-1969 жылдары – «Коммунистік еңбек» облыстық газетінің әдеби қызметкері. 1969-1977 жылдары – «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Атырау, Ақтөбе, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі, «Қазақстан пионері» газетінің редакторы. 1978 жылы – «Пионер» журналының бас редакторы. Алғашқы кітабы «Сандуғаш» 1967 жылы жарық көрген. «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Көгершіндерім», «Тревоги», «Ожидание солнца», «Озарение» жыр жинақтарының, «Биіктік» очерктер жинақтарының, «Біздің Кәмшат» повесінің, Ә. Тәжібаев, М. Мақатаев, чили ақыны Пабло Неруданың шығармашылықтары туралы әдеби-сын мақалалардың авторы. С. Вангелидің «Приключения Гугуце», «Дедушкин министр» балаларға арналған повестерін, С. Капутикянның, Е. Евтушенконың, Р. Казакованың, араб ақыны Әбдурахман әл-Хамисидің өлеңдерін, П. Неруданың кітаптарын қазақша тәржімалаған. Ақынның көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымының депутаты болды. «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.