Мәйітті табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған полицей қыз қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Михаил Козачковтың Телеграм арнасында жазуынша, тергеуші қыз жігітімен айырылысқаннан кейін өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 24 желтоқсанда болған.
«Мәйітті табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам тоғызыншы қабаттан құлаған. Егжей-тегжейлер анықталуда», - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметінен.