Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сәрсенбі, желтоқсанның 25-і күні таңертең Әзірбайжан астанасы Бакуден Грозныйға ұшқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы төтенше жағдай туралы белгі берді.
Ұшақ Ақтау маңында құлаған.
"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар", - делінген ТЖМ хабарламасында.