$ 515.25  535.91  5.18

«Жөтел қысып, температура көтеріледі»: Қазақстандықтар белгісіз вирус тарағанын айтып, дабыл қақты (ВИДЕО)

Қазақстанды шарлап жүрген бұл қандай вирус?

Фото: freepik
Фото: freepik

Желіде қазақстандық әйел елде вирус тарағанын, отбасымен 1 ай ішінде төртінші рет ауырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылар да дәл осылай ауырып жатқанын айтып, қалай емделерін білмей жүргенін жеткізді. 

"Түнімен жөтел қысып ұйықтай алмаймын. Антибиотик әсер етпейді. Қалай емделерімді де білмеймін", "Мен де ауырдым. Цеф-3 көмектеспейді. Жалпы, қазіргі антибиотиктер әлсіз", "Екі ай бойы жөтелден құтыла алмай жүрмін. Оны қалай емдеу керегін білмеймін", "Қазан айында суық тиіп ауыра бастадым. Әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Рентгенге түстім, өкпе таза. Күнде дем ала алмай, 2-3 сағат қана ұйықтаудан шаршадым", "Менің де отбасым екінші рет ауырып жатыр. Емдеудің барлық түрлерін қолдандық, бірақ ештеңе көмектеспей жатыр. Температура көтеріліп, тамақ пен бас ауырып, жөтел қысады", – деді желі қолданушылары. 

Аталған жағдайға бас штаттан тыс пульмонолог Наталья Латыпова пікір білдірді. Сөзінше, биыл Қазақстанда, басқа елдердегідей, пневмонияның өсуі байқалады. Бұл жалпы әлемдік үрдіске, микроплазмалық инфекцияның енуіне байланысты, дейді дәрігер. 

"Мысалы, Қытай аумағындағы пневмонияның 80%-дан астамы микоплазмозбен байланысты болды. Жоғарғы тыныс алу жолдары ларингит, фарингит, ринит, синусит түрінде зақымдалуы мүмкін. Клиниканың ерекшеліктері: іс жүзінде қақырықсыз немесе ұстамалар түрінде болуы мүмкін. Қақырықтың ең аз мөлшерімен ауыр құрғақ жөтел жүреді. Ұстамалар көбінесе төс сүйегінің артындағы ауырсынумен бірге жүреді. Бұл бұлшықеттердің шаршауына және іштің ауырсынуына алып келеді. Жөтел әдеттегі инфекциялар сияқты бір-екі аптаға созылуы немесе бір, екі ай бойы жүруі мүмкін", – дейді пульмонолог. 

Штаттан тыс пульмонолог барлығына белгілі профилактика шараларын сақтауды, адамдар көп жиналатын жерлерде маска киюді ұсынды. Сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарын санитариялық тазартып, қолды жуып,  бөлмелерді үнемі желдетіп отыруды сұрады. Тыныс алу жолдары ауруларының алғашқы белгілері кезінде дереу емханадағы дәрігерлерге хабарласу қажет, дейді дәрігер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары