Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.
Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Біздегі ақпарат бойынша ол Ақтауға бара жатыр.
Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Бакуден Грозныйға бағыт алған болатын.