Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды.
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақыттағы ақпарат бойынша аман қалғандардың саны 29-ға жетті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін барлығы 29 адам аман қалды. Олардың 27-сі жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Олардың 11-і ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған әуе апатына қатысты соңғы ақпаратты мәлімдеді.
«Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 69 адам болған, оның 5-еуі – экипаж мүшесі. Оның ішінде 42 Әзірбайжан азаматы, 6 Қазақстан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы және 16 РФ азаматы болған», - деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті апат-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Қайрат Жанаспаев.
Оның айтуынша, қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарына 701 жеке құрам және 82 бірлік техника жұмылдырылды.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала түсті. Оларды отаға дайындап жатыр. Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы аман қалғандардың тізімін ұсынды.
Аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.