Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында.
Қазіргі уақытта Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Ал елдегі заңдылықты жоғарғы қадағалаушы орган апатқа байланысты ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарады.
«Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді. Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.