25.12.2024, 19:20

Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады

Фото: Pixabay

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,08 теңгеге арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,08 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 514,93 теңге.

Ұлттық банктің 25 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 515,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 536,32.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 525 теңге. Еуро 538 — 546 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 524 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10 - 5,20 аралығында саудаланып жатыр.