25.12.2024, 21:30

Ақтауда ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты

Фото: ТЖМ

Зардап шеккен 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Ақтауда ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туалы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев баспасөз брифингінде айтты.

Зардап шеккен 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Қаза тапқандардың жеке басын анықтаудың жеке тәртібі болады. Ұшақта болған кей жолаушылардың денесі түгелдей өртеніп кеткен.