26.12.2024, 02:30

Ақтаудағы ұшақ апаты: бортта болған қазақстандықтардың ешбірі аман қалған жоқ

Фото: ТЖМ

Ақтау маңында құлаған ұшықтың қара жәшігі қылмыстық іске дәлел ретінде қосылады.

Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортындағы Қазақстан азаматтарының барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев брифингте мәлімдеді.

Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағында барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты.

«Ұшақта Әзірбайжаннан 37 адам болған. Оның 23-і қайтыс болды, 14-і аман қалды. Қырғызстандық 3 жолаушының барлығы аман қалды. Ресейлік 16 жолаушы, оның 9-ы аман қалды. Қазақстанның 6 азаматы қаза тапты. 5 адамнан тұратын экипаж мүшелерінің екеуі қаза тауып, үшеуі тірі қалған», – деді Марат Қарабаев брифинг барысында.

Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі қылмыстық іске дәлел ретінде қосылады.

Қазіргі уақытта апат орнынан қара жәшік тәркіленді. Айғақ ретінде қылмыстық іске оқиға орнынан табылған рейстіркегіш де қосылды.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, ұшақпен байланыс сағат 11:28-де үзілген, ұшақ сағат 11:30-да апатқа ұшырады.