$ 515.97  537.8  5.25

Ұшақты атып түсірген бе? Қанат Бозымбаев «шұрық-тесікке» қатысты пікір білдірді

Қара жәшікті шифрлау және басқа да жұмыстар жүргізіледі.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Әлеуметтік желіде AZAL ұшағының артқы бөлігінде шұрық-тесік іздер түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL жолаушылар ұшағындағы шұрық-тесіктер туралы сұраққа жауап берді.

«Қазір ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге криминалист-сарапшылар және авиация әкімшілігінен осындай әуе оқиғаларын зерттейтін мамандар да келді. Олар қылмыстық іс аясында барлық дәлелдерді жинап, қажетті сараптамаларды жүргізеді және апаттың себебін анықтайды. Қара жәшікті шифрлау және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Әрине, барлығын жариялаймыз», — деді Қ. Бозымбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары