Ол адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырды.
Ақтау маңында болған ұшақ апаты кезінде қазақстандық 11 жастағы Эльдар Жұмағат пен оның анасы ГауҺар Шаймерденова қаза тапты. Оқу-ағарту министрлігі жасөспірімнің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
11 жастағы оқушының мұғалімдері Эльдардың талантты, мейірімді және еңбекқор бала болғанын айтады. Ол өзін білетін адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырды дейді.
“Оқу-ағарту министрлігі қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты”, – делінген хабарламада.