Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ақтауда ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер Азамат Сәрсенбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы блогердің адвокаты Айбек Сүйіндіков хабарлады.
"Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының үкімімен Азамат Сәрсенбаев Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, яғни құқық қорғау органының қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот тарапынан 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Істің мән-жайын ескере отырып, сот ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігінің санкциясы шегінде, онда әкімшілік қамаудың ең ұзақ мерзімі 15 тәулік деп белгіленген жаза қолданды", - дейді адвокат.
Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.