$ 520.27  537.65  5.24

«Бұрынғы жұбайы денесін алуға кетті»: Динара Сәтжан әуе апатынан қаза тапқан Шаймерденова туралы айтты

Гаухардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар еді.

Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан астаналық нотариус Гаухар Шаймерденова мен оның ұлы Эльдар Жұмағаттың Грозныйға жаңа жылды қарсы алуға аттанғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында жазды. 

“Мен Астана нотариаттық палатасының төрайымы Әйгерім Айкешевамен сөйлестім. Оның айтуынша, өткен жексенбіде олар нотариустар корпоративінде бірге болған. Гаухар әріптестеріне кіші ұлымен бірге жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйдағы отбасылық достарына ұшып бара жатқанын айтқан. Астанадан Грозныйға тікелей әуе рейсі болмағандықтан, олар Баку арқылы ұшқан. Гаухардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар еді. Ол енді ғана елге ұшып келгендіктен, Астанада қалған.  Ал Гаухардың анасы қайғылы оқиға жайлы әлі білмейді. Гаухардың бұрынғы жұбайы мен көмекшісі марқұмдардың денесін алып кету үшін Ақтауға ұшып кеткен", – деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 10
Күлкілі 3
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары