Ал заңсыз алынған қаражатты заңдастыру үшін келіншек қымбат пәтер мен коммерциялық нысанды бірінен кейін бірін сатып ала берген.
Қаржы мониторинг агенттігі боди массаждың атын жамылып, жезөкшелікпен айналысқан бір келіншектің небары екі жылда 2 млрд теңге тауып, қылмыспен тапқан ақшасын қалай заңдастырғанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, әйел адам 2021-2023 жылдары боди массаж түрінде жезөкшелердің қызметін ұйымдастырған. Бұл «бизнес» оған 2 млрд теңге пайда түсірген. Ал заңсыз алынған қаражатты заңдастыру үшін келіншек қымбат пәтер мен коммерциялық нысанды бірінен кейін бірін сатып ала берген.
«Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, оны қайта сатқан. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол 350 млн теңгеге жалпы ауданы ауданы 500 шаршы метр коммерциялық нысан алған. Екі бөлмелі пәтерлердің бесеуін алып, оны бала күтушісінің атына жаздырған. Астанадан 667,5 млн теңгеге екі коттеджд сатып алған. Астанадағы қымбат үйден екі пәтер мен паркинг алған. Құны 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz сатып алған», - деп хабарлайды ҚМА.
Дереккөзге сүйенсек, оның үйінен 50 млн теңге мен қымбат әшекей бұйымдар табылған.
«Сот притон ұйымдастырғаны үшін және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін оны 6 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасын тәркіледі», - деп хабарлайды ҚМА-ның баспасөз қызметі.