Зақымданған ұшақ ұшқыштардың шұғыл қону туралы өтінішіне қарамастан, Ресейдің ешбір әуежайына қонуға рұқсат етілмеген.
26 желтоқсанда Әзірбайжан үкіметінің дереккөзі Embraer E190AR ұшағының Ақтауда құлауына ресейлік "жер-әуе" зымыраны себеп болғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Euronews басылымына сілтеме жасап.
Шетелдік басылым мәліметінше, зымыран 8432 рейсіне қарсы атылған, бұл кезде Грозный үстінде ұшқышсыз ұшатын аппараттар әрекет еткен.
Дереккөздер мәліметінше, "зымыран Грозный үстінде дрондарға қарсы шаралар кезінде 8432 рейсіне бағытталған, зымыран ұшаққа жақын жерде жарылып, оның сынықтары жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиген” делінген хабарламада.