$ 521.81  543.67  5.05

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады

Ертең сол жерге сарапшылар барады, шығарушы ел – Бразилия.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

«Алгоритм, стандарттар бар, барлық ел соны басшылыққа алады. Алдымен әуе апатын зерттейтін комиссия құрылады. Сол комиссия жағдайға және барлық мәліметке сүйене отырып, қара жәшіктерге қатысты шешім шығарады. Қазір бұл процесс жүріп жатыр – фрагменттер, детальдар жиналып жатыр. Ертең сол жерге сарапшылар барады, шығарушы ел – Бразилия. Әуе тасымалдаушының өзі ертең келеді. Осы адамдардың барлығы жиналып, қалай ашу керек екенін шешеді. Алгоритм осындай», - дейді Талғат Ластаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары