27.12.2024, 16:00

Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады: Айдос Үкібай пікір білдірді

Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат жалған болып шықты.

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші жұбайы Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айдос Үкібай: «Сара Алпысқызы туралы ақпарат — өтірік»

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді», — деп жазды ол өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Сара Алпысқызы Назарбаева: өмірбаянынан қысқаша мәлімет

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. 2025 жылы 84 жасқа толады.

1992 жылы «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын құрды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша білім беру жобасының авторы.