$ 524.75  540.6  5.12

«Ел аралаған ұнап қалды»: 90 жасын Дубайда қарсы алған әжей көпшілікті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Дубайға екінші рет келіп жатырмын. 

Фото: instagram.com/janymbaklajanym
Фото: instagram.com/janymbaklajanym

Желтоқсан айында 90 жасқа толып, туған күнін Дубайда атап өткен алматылық әжейдің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпшіліктің ықыласына бөленген қарт “Жаным – баклажаным” лақап атымен танылған блогер Айдын Тоқсанбаеваның әжесі болып шықты. 

“Әжем өмір сүргім келеді, көргім келеді” дейді. 90 жастағы менің апам айтып жатқанда, сен өз ата-анаңды шынымен шетел көргісі келмейді деп ойлайсын ба?! Өзің бармасаң да ата-анаңды жіберші. Олардың барында шетелді көрсетіп үлгер”, – деп жазды блогер. 

Мерейлі жасын шетелде қарсы алған Лена әже Тоқсанбаева халыққа алғыс айтып, бата берді. 

“Дубайға екінші рет келіп жатырмын. Америка мен Шри-Ланка, Таиланд пен Англияны көрдім. Таиландқа енді барсам үшінші рет болады. Жасымды айтқым келмейді. 18 жастан 19 жасқа өтіп бара жатырмын. Ел аралаған ұнап қалды”, – деді Лена әже. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары