$ 527.23  544.05  5.05

Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді

Өзгерістер 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылы 20 желтоқсаннан бастап «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» 2023 жылғы 19 мамырдағы бұрынғы құжатқа өзгерістер енгізілді.

«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан төмен емес мөлшерде айқындалды», – делінген құжатта.

Өзгерістер 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары