Дубайға екінші рет келіп жатырмын.
Желтоқсан айында 90 жасқа толып, туған күнін Дубайда атап өткен алматылық әжейдің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көпшіліктің ықыласына бөленген қарт “Жаным – баклажаным” лақап атымен танылған блогер Айдын Тоқсанбаеваның әжесі болып шықты.
“Әжем өмір сүргім келеді, көргім келеді” дейді. 90 жастағы менің апам айтып жатқанда, сен өз ата-анаңды шынымен шетел көргісі келмейді деп ойлайсын ба?! Өзің бармасаң да ата-анаңды жіберші. Олардың барында шетелді көрсетіп үлгер”, – деп жазды блогер.
Мерейлі жасын шетелде қарсы алған Лена әже Тоқсанбаева халыққа алғыс айтып, бата берді.
“Дубайға екінші рет келіп жатырмын. Америка мен Шри-Ланка, Таиланд пен Англияны көрдім. Таиландқа енді барсам үшінші рет болады. Жасымды айтқым келмейді. 18 жастан 19 жасқа өтіп бара жатырмын. Ел аралаған ұнап қалды”, – деді Лена әже.