$ 525.11  546.74  4.88

Әзербайжан сұраған: Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге түркиялық мамандар қатысады

Түркия кез келген жағдайда Әзербайжанды қолдайды.

Фото: Азамат Сәрсенбаев
Фото: Азамат Сәрсенбаев

Ақтаудағы Әзербайжан әуе жолдары ұшағының апатына қатысты тергеуге түркиялық мамандар қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу комиссиясы Әзербайжан мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің сұранысы бойынша құрылған.

"Техникалық және операциялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Оқиғаның барлық мән-жайын зерттеу үшін құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыс істейміз", – деді Түркия министрі.

Абдулкадир Уралоглу делегацияның 27 желтоқсан күні кешке Бакуге аттанатынын және 28 желтоқсаннан жұмысқа кірісетінін айтты. 

"Түркия кез келген жағдайда Әзербайжанды қолдайды", – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары