$ 521.9  593.5  6.39

«Жалғыз өзі болған»: Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмған бала жаңа жылға анасына бара жатқан

Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде сыныптастары жазды.

Коллаж: inbusiness.kz
Коллаж: inbusiness.kz

Ақтау маңындағы апаттан 13 жасар әзербайжандық Мухаммедали Фаридоглы Еганов та ажал құшты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы media.az басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жасөспірім Грозныйға жаңа жыл мерекесін атап өтуге анасына бара жатқан.

Баку қаласының Хатай ауданында тұратын Мухаммедали №27 мектепте оқыған. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде сыныптастары жазды.

Анасының ұлты – шешен, әкесі Әзербайжандағы ірі кәсіпкер – Фарид Еганов. Ұшақ құлағанда оның жанында жақындарынан ешкім болмаған. Оны ұшаққа әкесі шығарып салған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 12
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары