$ 525.11  546.74  4.88

Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы өзіне қол жұмсады

Полиция оқиғаға байланысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында 15 жастағы мектеп оқушысы сарайда асылып қалған күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция оқиғаға байланысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу тобы, прокуратура қызметкерлері, білім беру басқармасының өкілдері, психологтар және балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатыр. Тергеудің толық, объективті және жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда тергеу мүддесіне сай қосымша ақпарат жарияланбайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары