31.12.2024, 11:40

947 миллион теңге жымқырған қазақстандық Дубайда ұсталды

Фото: Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Қазіргі уақытта ер адам қамауда.

Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда.