Ең төменгі жалақы: 85 000 теңге деңгейінде сақталады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірнеше маңызды өзгерістер күшіне енеді. Жыл басында қандай өзгерістер болатынына Skifnews.kz порталының тілшісі шолу жасап көрді.
Еңбек және әлеуметтік төлемдер:
• Ең төменгі жалақы: 85 000 теңге деңгейінде сақталады.
• Айлық есептік көрсеткіш (АЕК): 3 932 теңгеге дейін өседі, бұл айыппұлдар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әсер етеді.
• Ең төменгі күнкөріс деңгейі:
46 228 теңгеге дейін ұлғаяды.
• Зейнетақы:
Ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға озып индекстеледі. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 32 360 теңге, ал ең жоғарысы 50 851 теңге болады.
• Жәрдемақылар:
• Бала тууына байланысты бір реттік төлем:
• 1-3 балаға — 149 416 теңге (38 АЕК).
• 4 және одан да көп балаға — 247 716 теңге (63 АЕК).
• Бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы:
• Бірінші балаға — 22 648 теңге (5,76 АЕК). • Екінші балаға — 26 777 теңге (6,81 АЕК). • Үшінші балаға — 30 866 теңге (7,85 АЕК). • Төртінші және одан да көп балаға — 34 995 теңге (8,90 АЕК).
• Еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 6,5%-ға ұлғаяды.
Медициналық қызметтер:
• Медициналық анықтамалар: 2025 жылдан бастап жеке медициналық құжаттар толық электронды форматқа көшеді, бұл қаржыны үнемдеуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған.
• Ауруханалар жұмысы:
Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіліп, медициналық ұйымдар «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарға бөлінеді. Бұл жүйе 2025 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Әлеуметтік әмиян:
• 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Әлеуметтік әмиян» енгізіледі, бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және әлеуметтік төлемдерді оңайлатуға бағытталған.