01.01.2025, 12:30

1 қаңтардан бастап елімізде қандай өзгерістер болады

Фото: Qazaqstan

Ең төменгі жалақы: 85 000 теңге деңгейінде сақталады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірнеше маңызды өзгерістер күшіне енеді. Жыл басында қандай өзгерістер болатынына Skifnews.kz порталының тілшісі шолу жасап көрді.

Еңбек және әлеуметтік төлемдер:

• Ең төменгі жалақы: 85 000 теңге деңгейінде сақталады.

• Айлық есептік көрсеткіш (АЕК): 3 932 теңгеге дейін өседі, бұл айыппұлдар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әсер етеді.

 • Ең төменгі күнкөріс деңгейі:

46 228 теңгеге дейін ұлғаяды.

 • Зейнетақы:

Ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға озып индекстеледі. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 32 360 теңге, ал ең жоғарысы 50 851 теңге болады.

 • Жәрдемақылар:

 • Бала тууына байланысты бір реттік төлем:

 • 1-3 балаға — 149 416 теңге (38 АЕК).

 • 4 және одан да көп балаға — 247 716 теңге (63 АЕК).

 • Бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы:

• Бірінші балаға — 22 648 теңге (5,76 АЕК). • Екінші балаға — 26 777 теңге (6,81 АЕК). • Үшінші балаға — 30 866 теңге (7,85 АЕК). • Төртінші және одан да көп балаға — 34 995 теңге (8,90 АЕК).

• Еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 6,5%-ға ұлғаяды. 

Медициналық қызметтер:

• Медициналық анықтамалар: 2025 жылдан бастап жеке медициналық құжаттар толық электронды форматқа көшеді, бұл қаржыны үнемдеуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған.

• Ауруханалар жұмысы:

Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіліп, медициналық ұйымдар «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарға бөлінеді. Бұл жүйе 2025 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 Әлеуметтік әмиян:

 • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Әлеуметтік әмиян» енгізіледі, бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және әлеуметтік төлемдерді оңайлатуға бағытталған.