$ 527.3  544.86  4.95

Черногория тұрғыны туыстарына оқ жаудырып, 10 адамды атып өлтірді

Кейін ол өзіне қол салды.

Фото: Rusmin Radic/Anadolu/picture alliance
Фото: Rusmin Radic/Anadolu/picture alliance

1 қаңтар күні Черногорияның Цетине қаласында ер адам туыстарын атып, ауыр қылмыс жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Черногория полициясының мәліметінше, атыс түстен кейін болған. Бастапқы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны төртеу болса, кейін бұл сан 10-ға жеткен. Олардың ішінде екі бала бар.

«Құқық қорғау органдарының мәліметінше, атыс жасаған адам — Цетинянин Ако Мартинович есімді азамат. Ол алдымен кафеде бірнеше туысын, оның ішінде Вулетич отбасының екі баласын атып өлтіріп, кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен», — делінген материалда.

Ішкі істер министрі Данило Шарановичтің айтуынша, күдіктіні полиция оқшаулап үлгерген. Алайда, ол өзіне қол салып, ауыр жарақат алған. Қылмыскер ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Министрдің мәліметінше, күдікті өз отбасының мүшелерін, соның ішінде ата-анасын да өлтірген болуы мүмкін. Сонымен қатар тағы төрт адам ауыр жарақат алып, олардың екеуі реанимацияда жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары