Зардап шеккендер бар ма?
Алматының Әуезов ауданындағы "Москва" ойын-сауық орталығы өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомствоның мәліметінше, Әуезов ауданында орналасқан ойын-сауық орталығының шатырында ауа тартқыш құбырында май қалдықтары жанып кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған. Оқиға орнына дер кезінде келген Алматының өрт сөндірушілері қызыл жалынды сөндірді.
– 10 ш. м. алаңды шарпыған өрт сөндірілді. Ауа тартқыш құбырында май қалдықтары жанып кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 75 адам және 24 бірлік техника жұмылдырылды, – делінген министрлік хабарламасында.