2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 07:20–да республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының учаскесінде (18–232 шақырымдары) ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді.
«Астана-Щучье» тас жолындағы жаппай көлік апатында 95-ке жуық автокөлік зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 07:20–да республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының учаскесінде (18–232 шақырымдары) ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді.
«Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» арнайы техникасының сүйемелдеуімен Щучинск бағытына қозғалыс ұйымдастырылды. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауы салдарынан сағат 13:28–де трассаның 153-шақырымында, Жанаталап ауылының маңында шамамен 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ түрлі дене жарақатымен 11 адам ауруханаға жеткізілді.
"Жаппай апат салдарынан 11 адам түрлі дене жарақаттарымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның төртеуі ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ведомстводан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 70-тен астам адам жылыту орталықтарына жеткізіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.