$ 524.75  540.6  5.12

Бразилияда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу басталды

Сарапшылар қара жәшіктен дерек алу және талдау бойынша жұмыс істеп жатыр, онда ұшқыштар арасындағы байланыс жазбалары мен ұшақтың апатқа ұшыраған сәтіне дейінгі бүкіл ұшу кезіндегі жағдайы туралы ақпарат бар.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың рейстіркегіштерін Бразилиядағы авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы тексеріп жатыр. Онда Әзірбайжан, Қазақстан және Ресей өкілдері де бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Agência Brasil" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар қара жәшіктен дерек алу және талдау бойынша жұмыс істеп жатыр, онда ұшқыштар арасындағы байланыс жазбалары мен ұшақтың апатқа ұшыраған сәтіне дейінгі бүкіл ұшу кезіндегі жағдайы туралы ақпарат бар.

"Бразилиядағы тергеушілер кабинадағы сөйлесулердің аудио тректерімен және ұшақтың ұшу деректерін тіркеуіштермен жұмыс істеп жатыр. CENIPA мамандары жағдайды модельдеу, ұшақтың жылдамдығын, оның траекториясын дәл бағалау және өз қорытындыларын жасау үшін компьютерлік технологияны пайдаланады", – деді Бразилияның әуе күштері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары