$ 526.81  542.72  5.16

Жаңа жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді

Жаңа жылда алғашқы егіздер Талғар аудандық ауруханасында дүниеге келсе, бұл эстафетаны Жетісу облысы жалғастырды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Жаңа жылдық мерекелер Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасы үшін ерекше оқиғамен есте қалды - 21 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл қуанышты жағдай тек мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, күрделі жүктіліктерді тиімді медициналық бақылаудың айқын үлгісі болды.

Әсіресе, 37 аптада туған егіздердің ата-анасы атанған бір отбасының оқиғасы ерекше назар аудартты. Егіздердің анасының денсаулығында күрделі мәселелер болған: жатырдағы қос тыртық пен созылмалы артериялық гипертензия. Бұл жайт жүктілік пен босану кезінде қауіп-қатерді айтарлықтай арттырғанымен, білікті дәрігерлер мен заманауи медициналық технологиялардың арқасында ана мен балалардың денсаулығы сақталды.

Клиника мамандары әйелдің жағдайын үнемі бақылауда ұстап, барлық тәуекелдерді ескеріп, жекелеген босандыру әдісін қолданған. Нәтижесінде сәтті босану жүзеге асты.

Аурухананың директоры Эльмира Берікова: «Жаңа туған нәрестелер тек ата-аналарын ғана емес, медицина қызметкерлерін де шабыттандырды. Әрбір сәби – жарқын болашақтың үміті мен ата-аналар өмірінің жаңа кезеңінің бастамасы», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, Жаңа жылда алғашқы егіздер Талғар аудандық ауруханасында дүниеге келсе, бұл эстафетаны Жетісу облысы жалғастырды. Мұнда облыстық перинаталдық орталықта бірден үш егіз дүниеге келді. Жалпы, 2025 жылдың алғашқы күні елімізде 9 егіз жарық дүние есігін ашты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары