$ 526.81  542.72  5.16

Ақтауда құлаған ұшақ бойынша қорытынды есеп 3 жылда шығады

25 желтоқсанда болған авиациялық оқиғаны тергеу инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Ақтаудағы AZAL ұшағының апатын тергеу бойынша қорытынды есеп үш жылдан кешіктірмей бекітіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

25 желтоқсанда болған авиациялық оқиғаны тергеу инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Бұйрықтың 32-тармағына сәйкес адам қаза болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы комиссия құрылған сәттен бастап авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп бекітілген күнге дейін, сондай-ақ егер қосымша зерттеулер қажет болмаса, ереже 36 айдан аспайды”, – деп хабарлады министрлік.

Тергеу комиссиясының мүшесі, көлік вице-министрі Талғат Ластаев 30 желтоқсанда тергеудің алдын ала немесе аралық қорытындысы 30 күн ішінде дайын болатынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары