$ 527.3  544.86  4.95

12 жылға сотталған Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Cот айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

5 қаңтарда Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша апелляция соты онлайн режимде өткізілді. Апелляциялық сот бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәліметтерге сенсек, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы үш бап бойынша айыпталған:

  • "Заңсыз бас бостандығынан айыру"

  • "Қорқытып алу".

  • "Өзімбастылық".

Жалпы, сот айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов оның нұсқауымен 2019 жылдың 13 ақпанынан шілдесіне дейін алты ай бойы өз еркінен тыс үйқамақта ұсталғанын айтып, сотқа жүгінген. Сонымен қатар ол Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелін олардың ортақ бизнесі – Baur Kazakhstan АҚ активтерін тартып алды деп айыптап отыр. Сот процесі 3 маусымда басталған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары