$ 524.75  540.6  5.12

Метапневмовирустың таралуына байланысты мектептерге шектеу енгізіле ме?

Қатты алаңдаудың қажеті жоқ. 

Фото: pixel.kz
Фото: pixel.kz

Қазіргі кезде әлемде метапневмовирустың таралуына байланысты Қазақстан мектептерінде шектеу енгізіле ме? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Еліміздің білім беру жүйесі түрлі сынақтарға төтеп бере алатынын көрсетті. Бұл 2020 жылғы пандемия кезінде жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Осыған орай, колледждер мен мектептер қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Дегенмен, қазіргі жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту қажет», – деді министр.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жауабына сүйенеді. 

«ДДСҰ-ның мәліметінше, бұл вирус бірнеше онжылдықтар бойы таралып келеді. Сондықтан қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Әйтсе де аурудың алдын алу шараларын сақтау маңызды. Біз де осы бағытта әрекет етіп отырмыз. Сондықтан вирустың кең таралу кезеңін бірлесе еңсеруіміз қажет», – деді Т.Дүйсенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары