$ 524.75  540.6  5.12

Доллар қайта арзандады

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 527,23 теңге.

Фото: Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,24 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 527,23 теңге.

Ұлттық банктің 8 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 527,30 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,95 теңге. Еуро – 544,86.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 528 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 531теңге. Еуро 543,5 – 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 529 теңге, сатып алу құны – 533 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары