$ 524.75  540.6  5.12

Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге ұрланған

 

Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды. 

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директорымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Директор қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша  іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.

Директордың әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары