Жолаушыларға тамақ пен қонақүйден орын берілді.
Air Astana авиакомпанисы КС915 Алматы-Анталья бағытындағы ұшақтың басқа қалаға қону себебін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Апаттық жағдайда қонуға ұшақтың орталық жанармай багы клапанының сақтандырғышының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болды. Рейс Алматыдан қосалқы бөлшек жеткізілген соң, яғни 9 қаңтар күні сағат 9-20-да ұшады. Жолаушыларға тамақ пен қонақүйден орын берілді. Дәл сондай жағдай Антальяда осы ұшақты күтіп отырған жолаушыларға да жасалды», – делінген хабарламада.